iPhone құрылғысында Apple аккаунтымен кіру
«Apple арқылы жүйеге кіру» параметрімен қатысатын веб-сайттар мен қолданбаларға Apple ID аккаунтымен кіруіңізге болады. Жаңа құпиясөздерді жасап, есте сақтаудың қажеті жоқ, себебі аккаунтыңыз eкі факторлы аутентификация мүмкіндігімен қорғалған.
«Apple арқылы жүйеге кіру» параметрі құпиялылығыңызды құрметтеу үшін жасақталған. Веб-сайттар мен қолданбалар аккаунтыңызды баптау үшін тек атыңыз бен электрондық пошта мекенжайыңызды сұрай алады, ал Apple оларды пайдаланып жатқан кезіңізде сізді бақыламайды.
«Apple арқылы жүйеге кіру» параметрі Apple ID аккаунтыңыз үшін екі факторлы аутентификацияны талап етеді. Бұл Apple ID аккаунтыңызды, қолданба аккаунттарыңызды және қолданбаңыздың мазмұнын қорғайды.
«Apple арқылы жүйеге кіру» мүмкіндігіне аккаунтты баптау немесе жаңарту
Қатысатын веб-сайт немесе қолданба сізден аккаунтыңызды баптауды немесе аккаунтыңызды жаңартуды сұраған кезде келесі әрекетті орындаңыз:
«Apple арқылы жүйеге кіру» түймесін түртіңіз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кейбір қолданбалар (және веб-сайттар) сізден атыңыз бен электрондық пошта мекенжайыңызды сұрамайды. Бұл жағдайда, жай ғана Face ID немесе Touch ID функциясымен (үлгіңізге байланысты) түпнұсқалықты растаңыз, одан кейін қолданбаны пайдалануды бастаңыз.
Басқалар жекелендірілген аккаунт баптау үшін атыңыз бен электрондық пошта мекенжайыңызды сұрауы мүмкін. Қолданба бұл ақпаратты сұраған кезде, «Apple арқылы жүйеге кіру» атыңыз бен жеке электрондық пошта мекенжайыңызды Apple ID аккаунтыңыздан қарап шығуыңыз үшін көрсетеді.
Атыңызды өңдеу үшін оны түртіңіз, одан кейін өзгертулер жасау үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
Электрондық пошта мекенжайын көрсету үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Жеке электрондық пошта мекенжайыңызды пайдалану: «Эл. поштаны бөлісу» түймесін түртіңіз.
Apple ID аккаунтыңызбен байланыстырылған бірнеше электрондық пошта мекенжайыңыз болса, қалаған мекенжайыңызды таңдаңыз.
Электрондық пошта мекенжайыңызды жасыру: «Эл. поштамды жасыру» түймесін түртіңіз.
Бұл опция қолданбадан электрондық пошта хабарын жеке электрондық пошта мекенжайыңызды бөліспестен алуыңызға мүмкіндік береді. Бұл опцияны таңдаған кезіңізде, Apple сіз үшін бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайын жасайды және қолданбадан осы мекенжайға жіберілген кез келген электрондық пошта хабары жеке мекенжайыңызға қайта жіберіледі.
Ақпаратты қарап шығып, электрондық пошта опциясын таңдағаннан кейін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз, Face ID немесе Touch ID функциясымен (үлгіңізге байланысты) түпнұсқалықты растаңыз, одан кейін қолданбаны пайдалануды бастаңыз.
Аккаунтыңызға қол жеткізу үшін кіру
«Apple арқылы жүйеге кіру» параметрін пайдаланып веб-сайтпен немесе қолданбамен аккаунт орнатқаннан кейін, оған iPhone құрылғыңызда қайтадан кіруіңіздің қажеті жоқ. Бірақ сізден кіру сұралса (мысалы, аккаунтыңыздан шыққаннан кейін), келесі әрекетті орындаңыз:
«Apple арқылы жүйеге кіру» түймесін түртіңіз.
Пайда болатын Apple ID аккаунтын қарап шығыңыз, одан кейін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.
Face ID немесе Touch ID арқылы (үлгіңізге байланысты) түпнұсқалықты растаңыз.
Электрондық пошта хабарын жіберу үшін пайдаланылатын мекенжайды өзгерту
Аккаунтты жасаған кезде электрондық пошта мекенжайыңызды жасыруды таңдасаңыз және сізде Apple ID аккаунтыңызбен байланыстырылған бірнеше мекенжай болса, жіберілген электрондық пошта хабарыңызды алатын мекенжайды өзгертуіңізге болады.
«Реттеулер» > [атыңыз] > «Аты, тел. нөмірлері, эл. поштасы» > «Қайта адрестеу» тармағына өтіңіз.
Басқа электрондық пошта мекенжайын таңдаңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Веб-сайттар мен қолданбалар үшін «Apple арқылы жүйеге кіру» реттеулерін қарап шығу немесе өзгерту
«Реттеулер» > [атыңыз] > «Құпиясөз және қауіпсіздік» тармағына өтіңіз.
«Apple ID пайдаланатын қолданбалар» түймесін түртіңіз.
«Apple арқылы жүйеге кіру» мүмкіндігін пайдаланатын барлық қолданбалар тізімде пайда болады.
Қолданба реттеуін өзгерту үшін қолданбаны таңдаңыз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Электрондық пошта хабарын жіберуді өшіру: «Қайта адрестеу» параметрін өшіріңіз. Қолданбадан бұдан әрі ешқандай электрондық пошта хабарларын алмайсыз.
«Apple арқылы жүйеге кіру» параметрін пайдалануды тоқтату: «Apple ID пайдалануды тоқтату» түймесін түртіңіз. Қолданбамен кіруге әрекет еткен кезіңізде сізден жаңа аккаунт жасау сұралуы мүмкін.
«Apple арқылы жүйеге кіру» параметрі бірдей Apple ID аккаунтымен кірген басқа құрылғыларыңызда—iPad, Apple Watch, Mac, Apple TV және iPod touch—да жұмыс істейді.
Android қолданбасынан, Windows қолданбасынан немесе кез келген веб-браузерден кіру үшін «Apple арқылы жүйеге кіру» түймесін түртіңіз, одан кейін Apple ID аккаунтыңыз бен құпиясөзіңізді енгізіңіз.
Қосымша ақпаратты «Apple арқылы жүйеге кіру» деген не? атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласынан қараңыз.