Қолма-қол ақша айналымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қолма-қол ақша айналымы[1]– тауарларды сату, қызмет көрсету және түрлі төлемдер төлеу кезінде ақшаның қолма-қол нысанда қозғалуы. Қолма қол ақша айналыс қаражаты мен төлем қаражаты атқарымын орындайды. Қолма қол ақша ұдайы айналмалы айналым жасайды: қолма қол ақша алған халық оны тауар сатып алуға, көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге, салықтарды, т.б. төлеуге жұмсайды; несие мекемелерінің кассасына сауда түсімдері, салықтар мен алымдар, азаматтардың шоттарға салған салымдары, т.б. ретінде түседі. Кәсіпорындар ақшалай түсімді банк мекемелеріне өткізеді. Банк мекемелері қол-ма-қол ақшаны өткізу тәртібі мен мерзімін әрбір кәсіпорынға ақша айналымдылығын жеделдету қажеттігіне және оның банк кассасына уақтылы түсуіне қарай белгілейді. Кәсіпорындардың кассасындағы қолма қол ақша оларға қызмет көрсетуші банк мекемелері келіскен кассалық лимит шегінде сақталады. Кәсіпорындардың кассада алдағы жұмсалатын шығынға (соның ішінде жалақыға, әлеум. сипаттағы төлемдерге, шәкіртақыға) төлем төлеудің белгіленген мерзімінен бұрын қолма қол ақша жинауға құқығы жоқ. Қолма-қол ақша несие ұйымдарының кассасына түскен ақшалай түсімнің есебінен беріледі

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том