Ғұбайдолла Уәлиұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ғұбайдолла Уәлиұлы(1778 – өлген жылы белгісіз) – хан, Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны (1824 – 39), Абылай ханның немересі. 1819 ж. Уәли хан дүние салғаннан кейін, Ғұбайдолла Орта жүзге хан сайланды. Хандық билік жойылғаннан кейін, 1824 ж. 29 сәуірде Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны,Абылай ханның немересі, Уәли ханның үлкен ұлы. 1819 жылы Уәли хан дүние салғаннан кейін Ғұбайдолла өзінің әкесінің орнына Орта жүзге хан сайланады. Бұл шешімді бекіту үшін I . Ресей патшасы Александр I ге Болат атты баласын, Қытай императоры Ежен ханға Жантөре есімді інісін жібереді. Ресей үкіметі Ғұбайдолланы хан етіп бекітпейді. 1823 жылы қытайлықтар Ғұбайдолланы хан деп таниды. 1822 жылғы Ресей империясының «Сібір қазақтары туралы» Жарғысына сәйкес хандық билік жойылғаннан кейін,Ғұбайдолла 1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны болып тагайындалды. Оган алтын медаль, подполковник шені берілген. Ғұбайдолла бәрінен де бас тартып, туысы Қасым сұлтанның баласы Саржанмен бірігіп, Ресей империясының қысымына қарсылық көрсетті. 1824 жылы Қытаймен байланыс орнатуға әрекеттеніп жүргенде, сотник М.И.Карбышевтің отряды оны Баянауылда 90-ға жуық сұлтан- билермен бірге тұтқынға алады. Тұтқыннан Шоң және Шорман билердің Батыс-Сібір генерал- губернаторына өтініш хат жолдауымен босатылады. 1839 жылы қайта тұтқындалып, Сібірге, Томск губернясына (Березовкаға) жер аударылды. Оны айдаудан босатуды Ресей өкіметінен Кенесары Қасымұлы 1841 жылы талап еткен. Ғұбайдолла Кенесары Қасымұлы бастаган ұлт-азаттық күрес басылғаннан кейін, 1847 жылдың қыркүйегінде елге қайтарылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х