Хуалянь жер сілкінісі (2024)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хуалянь жер сілкінісі
Күні мен
уақыты
3 сәуір 2024 жыл
Магнитудасы 7,4 Mw[1]
Тереңдігі 15,5 км
Эпицентрі Хуалян, Хуалян уезді, Тайвань
Зардап шеккен елдер Тайвань
Цунами 1 метр (3,3 фут)
Зардап шеккендер 18 адам қаза тапты

1147 адам жарақат алды
442 адам үйінділер астында қалды
2 адам хабар-ошарсыз кетті

Экономикалық шығын $2,53 млн[2]
Афтершоктар 1,493 (2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша)[3]

2024 жылғы Хуалянь жер сілкінісі 3 сәуірде болды және 1999 жылғы 21 қыркүйектегі жер сілкінісінен кейінгі соңғы 25 жылдағы ең күшті жер сілкінісі. Алғашқы жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 7:58-де тіркелді. Жер сілкінісі бірқатар дүмпулерден тұрды, олардың ең күштісінің магнитудасы 7,7-ге жетті. Жер сілкінісінің ошағы Хуалянь қаласына жақын жерде, аралдың шығыс жағалауындағы теңізде 1,5 шақырым тереңдікте басталды.

Жер сілкінісінен қисайған ғимарат

Жерасты дүмпулері Тайвань аралында сезілді. Негізгі дүмпуден кейін ширек сағатта магнитудасы 6,6 және 6,3 болатын дүмпулер сезілді, сонымен қатар магнитудасы 4,1-ден 60-қа дейін афтершоктар тіркелді. Ең көп зардап шеккен Хуалянь қаласы болды, бірнеше ғимарат қирады. Кем дегенде 16 адам қаза тауып, 1155 адам жараланды.[4] 77 адам ғимараттардың астында қалды. 87 мыңнан астам шаруашылық жарықсыз қалды. Армия құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.

Жер сілкінісі Қытайдың Фуцзянь және Цзянси провинцияларында да сезіліп, материктік Қытайдың оңтүстігінде пойыз қозғалысы тоқтатылды. Жапонияның Окинава аралында, Қытай мен Филиппин жағалауларында цунами қаупі жарияланды.

Әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіштер өндірушісі TSMC компанияның шығынын $60 миллионға бағалады.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]