HotCat — бұл тіркелген қатысушыларға арналған, өңдеу/қайнарын өңдеу сілтемесін баспай-ақ беттің төменгі жағында орналасқан Уикипедия беттерінен санатты жылдам аластауға, өзгертуге және жаңа санат қосу мүмкіндігіне ие JavaScript бағдарлама.
Бұл гаджетті қосу үшін өзіңіздің баптауларыңыздағы «гаджеттер» бөліміне кіріп, «HotCat — санаттарды жылдам үстеуге / аластауға / өзгертуге арналған құрал [мысал]» дегенді іске қосу керек.
Бетің астыңғы жағынан Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қолдану
HotCat құралын қосқаннан кейін әр беттің санаттары орналасқан жерінде келесі сілтемелер пайда болады:
«(−)» санат автоматты түрде бірден өшіріледі
«(±)» санатты өзгерту үшін арнайы терезе ашылады
«(↓)» санаттың ішкі санаттарының тізімі көрсетіледі
«(↑)» санаттың сыртқы санаттарының тізімі көрсетіледі
«(+)» жаңа санат қосу үшін арнайы терезе ашылады
«(++)» бірден бірнеше санатты өзгерту мүмкіндігі туады, «Сақтау» батырмасын басқаннан кейін барлық өзгерістер сақталады.
«(×)» «Бірнеше санатты өзгерту» режимінде өзгеріс енгізілген санатты бұрынғы қалпына келтіру