Меншікті қаражат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Меншікті қаражат - кәсіпорынның шаруашылық қаражаты көздерінің бірі, субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері.

Банктің меншікті капиталы экономикалық қаражат санатының бір түрі болып табылады. Ол мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі маңызға ие бола алады. Кәсіпорынды ашу кезінде, құрылтайшылар енгізген меншікті капитал серіктестіктің бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат бола алады. Бұдан басқа да, меншікті капитал мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғанудан қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, клиенттің сенімін арттырады, клиенттердің коммерциялық және тұтыну тауарларына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

  • жарғылық,
  • резервтік,
  • қосымша төленген,
  • қосымша төленбеген капитал,
  • бөлінбеген табыс (жабылмаған кепіл).[1]

Меншікті қаражатқа жарғылық капитал, алып тасталған капитал, төленген (қосымша) капитал, төленбеген қосымша капитал, сақтық қор капиталы, бөлінбеген табыс (өтелмеген залал) жатады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2