Жорж Бизе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алекса́ндр Сеза́р Леопо́льд Бизе́

Алекса́ндр Сеза́р Леопо́льд Бизе́ (фр. Alexandre-César-Léopold Bizet, шоқынғаннын кейін Жорж есімін алған, фр. Georges; 18381875) — француз композиторы, атақты “Кармен” операсының авторы (1874).

Бизе 10 жасында Париж консерваториясына қабылданып, оны 1857 ж. бітіріп шықты. А.Ф. Мармонтель, П. Циммерман, Ж.Ф. Э. Галеви, Ш. Гунолардан дәріс алды.

1857 ж. “Клавис пен Колтильда” кантатасы үшін Рим сыйлығын алып, үш жыл Италияда оқу мүмкіндігіне ие болды. Бизе 20-ға жуық опера (біразы аяқталмаған), 3 оперетта жазған. Бизенің “Кармен” операсы — француз опералық реализмінің биігі. Ол әлемдегі ең танымал опералардың біріне айналды. Бизе бірнеше оркестрлік шығармалар, симфония-кантаталар, фортепианолық пьесалар мен ән-романстар да жазған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том