Америкалық трипаносомоз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Америкалық трипаносомоз немесе Чагас ауруы — тропикалық паразиттік ауру.

Инфекцияның дамуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл аурудың инкубациялық кезеңі — 7-14 күн. Трипаносома енген жерде біріншілік аффект “чагана” түзіледі, ол лимфанит және регионарлы лимфатикалық түйіндердің ұлғаюымен жүретін қою-қызыл түсті қатты тығызданған қабынбалы инфильтрат түрінде болады. Қоздырғыш көздің шырышты қабаты арқылы енгенде, қабақ пен беттің ісінуімен жүретін коньюктивит дамиды, ол самай мен маңдай аймақтарына тарауы мүмкін. 4-6 аптада генарализденген инфекция дамиды. Бас ауруы, миалгиялар, қалтырау пайда болады, дене қызуы 39-40С-ке дейін жоғарлайды. Қызба тұрақты немесе ремиттирленген түрде болады және 2 жұмаға дейін сақталады. Теріде 8-20 күнге дейін сақталатын ұсақ дақты бөртпе жиі пайда болады. Бауыр мен

Шагас ауруының тараған аумақтар

көкбауыры ұлғаяды. Жүрек қан-тамыр жүйесі зардап шегеді. Жүрек шекаралары кеңейеді. Американдық трипаносомоз өзінің созылмалы сатысында 2 клиникалық түрге бөледі: жүрек-қан тамырлық және нервтік. Жүрек-қан тамырлық формасында ауыр қан айналым жетіспеушілігімен жүрек бұлшық етінің созылмалы зақымдануы дамиды. Нервтік формасында тыртысулар мен салданулар болады, бірақ олар сирек кездеседі. Негізгі симптомы — нервті өрімдердің салдануына байланысты барлық немесе бірнеше қуысты мүшелердің кеңеюі.

Шагас ауруымен ауратын науқастың қан құрамынан табылған трипаносомы

Диагностикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Чагас ауруының диагнозы анамнездік, клиникалық және эпидемиологиялық мәліметтер негізінде қойылады және біріншілік аффекттен, қаннан, церебраспинальды сұйықтықтан, лимфатикалық түйіндердің, көкбауырдың, сүйек миының және басқа мүшелердің пунктаттарынан трипаносомды бөліп алу арқылы дәлелденеді. Серологиялық реакциялар қолданылады (созылмалы сатысында), әсіресе инвазияланған жануарлардың жүрек бұлшық етінен алынған антигенмен комплемент байланыстыру реакциясын (КБР-РСК) жүргізу өте көп мағлұмат береді.

Америкалық трипаносомоз ауруына қарсы арнайы терапия әлі жеткілікті деңгейде өңделмеген. Қазіргі кезде бұл рөл үшін нитрофуран туындылары қолданылады. Инфекцияның жедел және созылмалы түрінде лампит қолданылады. Тәуліктік дозасы 8-10 мг/кг. Күніне 3 рет 05 қабылдайды. Емдеу курсы 3-4 ай.

Профилактикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі профилактика Чагас ауруының тасымалдаушысы бүргелерді жою болып табылады, санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту, ол адамдарға приатонды бүргелердің шабуыл жасау мүмкіншілігін азайтады.

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]