Лесото: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Content deleted Content added
Өңдеу түйіні жоқ
ш «Африка елдері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)
78-жол: 78-жол:


[[Санат:Елдер]]
[[Санат:Елдер]]
[[Санат:Африка елдері]]


{{stub}}
{{stub}}

01:47, 2014 ж. маусымның 15 кезіндегі нұсқа

Үлгі:Infobox Country or territory

Лесото сесото 'және ағылш. Lesotho),[1][2]немесе Лесото корольдігі — Африканың оңтүстігіндегі мемлекет (1966 жылға дейін Басутоленд деп аталды). Жер аумағы 30,35 мың км². Халқы — 2,6 млн. (2002). Этникалық құрамының басым бөлігін басуто халқының өкілдері (79%) құрайды. Астанасы — Масеру қаласы Ресми тілдері — ағылшын және сесуто. Халқының 42%-ы протестанттар, 38%-ы католиктер, қалғандары әр түрлі діни сенімдерді ұстанады. Мемлекеттік құрылысы — конституциялық монархия (корольдік). Заң шығарушы органы — Сенат және Ұлттық Асссамблеядан тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті премьер-министр бастаған үкімет жүргізеді. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 4 қазан (1966). 1966 жылдан БҰҰ-на және Африкалық Бірлік өйымына (ОАЕ) мүше. Ақша бірлігі — лоти.

Табиғаты

Лесотоның шығысы мен оңтүстік Дракон тауларымен шектелген, Басуто үстіртінде орналасқан. Ең биік жері — Табана нтленьяна (3482 м) тауы. Климаты субтропиктік, қаңтардағы орташа температурасы 25 — 26ӘС, шілдеде 15ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері — 750 — 1000 мм. Басты өзені — Оранис. Ландшафтысына астық тұқымдас шөптесінді дала тән, Дракон тауында бұта басым өседі. Негізгі пайдалы қазбалары — алмас, көмір, уран мен кварц.

Тарихы

Лесотоның ежелгі тарихы аз зерттелген. Лесотоның байырғы тұрғындары бушмендер болды. 17 — 18 ғасырларда басуто тайпалары оларды ығыстырып шығарды. 1860 ж. елді ағылшындар басып алып, 1868 — 1966 ж. аралығында Ұлыбританияның протектораты болды. 1966 ж. Лесото тәуелсіздік алғанымен елде саяси тұрақсыздық орын алып, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1993 ж. 27 наурызда халықаралық күштердің қысымымен елде демократиялық сайлау өтіп, әскери режим биліктен кетті. 2 сәуірде парламент Лесотоныңның жаңа конституциясын қабылдады. Лесото сыртқы қатынастарда блоктарға қосылмау саясатын ұстанады.

Экономикасы

Лесото экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Басты дақылдары: жүгері, сорго, бидай, арпа. Мал шаруашылығы, жүн және түбіт өндіру дамыған. Сыртқы саудасы негізінен Оңтүстік Африка Республикасына (экспорт — 85%, импорт — 90%) бағытталған. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 2480 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа шикізат өнімдерін, жүн, алмас, бидай, көкөніс шығарады. Сырттан, негізінен, отын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті тауарларды әкеледі.

Дереккөздер

  1. Африка, Энциклопедический справочник, М., 1986
  2. Страны мира, полный универсальный информационный справочник, 2-е изд., М., 2004.

Үлгі:Countries of Africa

Үлгі:Member states of the African Union